Зерттеулер мен жарияланымдар

Жобалар мен зерттеу топтары

Үштік шиыршық халықаралық қауымдастығы инновациялар бойынша зерттеулерде халықаралық диалог пен үдерістердің қарқындылығын құру мақсатында халықаралық зерттеушілер, практик, үкіметтік құрылым өкілдерінен құрылған шағын топ – Тақырыптық зерттеу топтарына (ТЗТ) сарапшыларды шақырады, олар ҮШХҚ мүшесіне айналады, өздерінің мүдделері мен тәжірибесімен бөліседі. Бұл топтар қашықтықта жұмыс жасайды, дегенмен бірлескен жобалық жұмыстарда, бірлескен басылымдарда, ҮШХҚ тұжырымдамасының белгілі бір саласында ұсынылған стратегиялық даму бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылады.

Қазіргі ҮСХҚ ТЗТ:

  • Үштік шиыршық факторлары, басқару үдерістері және аймақ (THARG)
  • Технопарктер мен бизнес-инкубаторлар
  • Білімдер мен технологиялар трансферы
  • Университеттер мен бизнес серіктестігі
  • Entrepreneurial Universities
  • National Innovation Systems and Models

ҮШХҚ Қазақстандағы өкілдігі (KazakhstanChapter) ұлттық сарапшыларды, зерттеушілерді, практиктерді тақырыптық зерттеу топтарына қосылуға және шетелдік серіктестермен бірлескен зерттеулерді дамытуға, ТЗТ-ны пікірталас, семинарлар өткізу, жобаларды әзірлеу және т.б алаңы ретінде қолдануға шақырады. Мұндай серіктестік ынтымақтастық идеясын дамытуға және халықаралық және ұлттық деңгейде университет-билік-бизнес тұжырымдамалық сызба шеңберінде өзара әрекетті тиімдірек дамытуға көмектеседі.

Толығырақ: https://www.triplehelixassociation.org/th-thematic-research-groups

Helice

Hélice –  бұл Үштік шиыршық халықаралық бірлестігінің тоқсан сайынғы мерзімді басылымы. Hélice ҮШХҚ –ның Президенті Генри Ицковиц басқаратын редакциялық алқамен жарияланады. Журнал ғалымдар, практиктер, үкімет құрылымдары өкілдері арасында таралады, нөмірлер университеттерге, зерттеу ұйымдарына, мемлекеттік агенттіктерге бағытталады. Жалпы аудиторияны 2500 оқырмандар құрайды. Hélice -тің бірінші шығарылымынан бастап ашық диалог философиясы жүргізілуде, баспагерлердің кері байланысқа, пікірлерге, сынды альтернативті пікірлерге және жеке мақалалар бойынша пікірлерге қарсылығы жоқ.

Helice барлық басылымдары…

 

 

 

 

 

 

Triple Helix журналы

Рецензияланған ғылыми журнал, Springer Open-да ашық қолжетімді. Журналдың мақсаты –  университет-бизнес-билік тұжырымдамалық моделінің өзара әрекеттесуінің барлық аспектілеріндегі талдау, теория, параметрлерін, эмприкалық зерттеулерін айқындайтын халықаралық зерттеулердің жарияланымы.

 

                               

                        THA Chapter Kazakhstan жарияланымдары