«Университеттердің инновация мен кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі» форумы

Халықаралық Үштік шиыршық Қауымдастығының Қазақстандағы өкілдігі – ХҮШҚ ҚӨ – (Triple Helix Chapter Kazakhstan) Алматы қ. «Университеттердің инновация мен кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі» форумын өткізеді.

Өткізілетін орны – «Тұран» университеті

Форумның өткізілетін мерзімі – 2019ж. 14-15 маусым

Форумның күн тәртібінде

I. Пленарлық сессия

  1. Бизнес-билік-ЖОО кооперациясының қазақстандық үлгісі (ҚР Үштік шиыршық өкілдігімен ынтымақтастық туралы шарттарға салтанатты қол қою).
  2. Білім берудегі кәсіпкерлік бастамаларды жандандыру: «БКБ ҚҚ» («Қазақстандық қауымдастық – білім берудегі кәсіпкерлік бастамалар ХАБы»)
  3. Үштік шиыршық тұжырымдамасын дамытудың халықаралық тәжірибесі.
  4. Университеттердегі студенттік кәсіпкерлікті дамыту векторлары.

II. ТАҚЫРЫПТЫҚ ІС-ШАРАЛАР

  • Бизнес пен билік өкілдерінің қатысуымен «Жоғары оқу орындарының өнеркәсіптік сектормен бірігу жолындағы сын-тегеуріндері» тақырыбында дөңгелек үстел
  • «Инновациялық-кәсіпкерлік білім беру бағдарламаларын әзірлеудің тәжірибелік мәселелері және кәсіпкерлікке оқытудың тиімді әдістері» тақырыбында семинар
  • «ЖОО-лық бизнес-жобалардың даму мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында панельді пікірталас (бизнес-инкубаторлар, коммерцияландыру кеңселері, студенттік start-up компаниялар);
  • Табысты бизнесмендерден мастер-класстар мен тренингтер.

IIIЖарияланымдар

Форум қорытындысы бойынша қатысушылар өз баяндамаларын электронды мақалалар жинағында жариялауға мүмкіндігі бар. Мақала тек ағылшын тілінде қабылданады. Үздік мақалалар ХҮШҚ Helice және Triple Helix журналдарындағы жарияланымдарға ұсынылады.

Мақалаларға қойылатын талаптар 1-қосымшада

Халықаралық Үштік шиыршық Қауымдастығы туралы толық ақпарат 2-қосымшада.

Форумның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

Форумға қатысу шарттары: 2019 жылдың 07 маусымынан кешіктірмей ұйымдастыру комитетіне өтінім мен мақала мәтінін электронды түрде жіберу қажет.

Қатысуға өтінім ХҮШҚ ҚӨ сайтында онлайн www.triplehelix.kz онлайн-тіркеу бөлімінде ресімделеді.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

«Тұран» Университеті» Мекемесі

050013, Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Сәтпаев көш., 16 а

Форум үйлестірушісімен байланысу: Судибор Ольга Леонидовна

эл. пошта triplehelixkz@gmail.com , тел.+7 7272 604023, +7 777 36 599 34