Біз жайлы

Үштік шиыршық Қауымдастығы

1990 – профессор Генри Ицковиц және профессор Лоет Лейдесдорф Амстердамда өткен конференцияда Үштік шиыршық моделін ұсынды. Келесі конференцияларда (Нью Йорк, 1998; Рио де Жанейро, 2000; Копенгаген және Лунд, 2002; Турин, 2005; Сингапур, 2007; Глазго, 2009) ғылым – бизнес – үкімет өзара әрекеттесу тұжырымдамасымен және осы стейкхолдерлердің  болашақ инновацияларға жағдай жасаудағы рөліне қатысты мәселелер талқыланды. Сондай-ақ орналасқан жердің маңыздылығы; білімді капиталдандыру; инновацияның танымдық, экономикалық, әлеуметтік және мәдени аспектілері; кәсіпкерлік университеттердің жаңа үлгілері; аймақтық әртүрлілік және жаһандық конвергенция; трансшекаралық өзара әрекеттесу; түрлі ұлттық мәдениеттер мен инновациялық жүйелердің бірігу; жұмыс орындарын және «қоғамдық әл-ауқат» құру секілді бірқатар мәселелері талқыланды.

2009 – Үштік шиыршық Қауымдастығының (ҮШҚ) құрылуы. Бірқатар конференциялардан кейін бірлесіп іс-қимылды үйлестіруді күшейту қажеттілігі туындады және өзара әрекеттесетін өнімді платформа құру туралы идея пайда болды. Осылай Үштік шиыршық Қауымдастығының штаб-пәтері Италияның Турин қаласында пайда болды. Қауымдастықтың президенті – Генри Ицковиц, вице-президенттер – Лоет Лейдесдорф және Хосе МануельКарвало де Мело.

Үштік шиыршық халықаралық қауымдастығы (ҮШХҚ) – халықаралық деңгейде ғылыми ынтымақтастықты жүзеге асыратын үкіметтік емес, коммерциялық емес қауымдастық. Қауымдастықтың негізгі мақсаты зерттеулер, инновациялар, экономикалық өсім және бәсекеге қабілеттілікті дамыту үшін университет, бизнес және үкімет (Үштік шиыршық) бір-біріне өзара әрекеттесе алатын ғылыми білімді және практикалық тәжірибені алға жылжыту.

ҮШХҚ қызметі конференциялар, симпозиумдар, байқаулар арқылы су жаңа зерттеулер бойынша диалогты дамытуға бағытталған. Қауымдастықтың жетекші білім беру ұйымдарымен және ғылыми орталықтарымен бірге қызмет жасауы академиялық журналдар мен бірлескен жобалардағы жарияланымдар арқылы ақпарат таратуға және Үштік шиыршық тұжырымдамасын енгізілуіне мүмкіндік туғызады. ҮШҚ ғалымдар арасында тәжірибе алмасуды күшейтіп, студенттерге, зерттеушілерге және практиктерге қосымша білім беруді ұсыну арқылы академиялық моделдің енгізілуіне қолдау көрсетеді.

Толығырақ: https://www.triplehelixassociation.org/

Үштік шиыршық халықаралық қауымдастығының Қазақстандағы өкілдігі (ҮШХҚҚӨ)

Үштік шиыршық халықаралық қауымдастығының Қазақстандағы өкілдігі 2017 жылы қараша айында құрылды. ҮШХҚҚӨ – бизнес, үкіметтік агентіктер, жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар сияқты түрлі сала мамандарының коммерциялық емес ұйымы болып табылады. Олар Қазақстанда Үштік шиыршық тұжырымдамасын жылжыту бойынша бірқатар міндеттерді іске асыру үшін бірлесе жұмыс жасап, университет, үкімет пен бизнестің өзара әрекеттесуінің нығаюына ықпал етеді. ҮШХҚҚӨ жаңғырту саясаты аясында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосуға ұмтылады, оның мақсаттарының бірі – жас кәсіпкерлерге, олардың жобалары мен инновацияларына қолдау көрсету.

Миссия

Үштік шиыршық халықаралық қауымдастығының Қазақстандағы өкілдігі орта және шағын бизнес үлесін ұлғайта алатын және инновациялық қызметпен айналысатын жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дамытуға бағытталған механизмдердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

Міндеттері

  • ҮШҚ тұжырымдамасын ұлттық деңгейде көтермелеу
  • ҮШҚ тақырыптамасы аясында зерттеулер жүргізу
  • іс-шараларды ұйымдастыру ()
  • инновация және кәсіпкерлік бойынша білім беру бағдарламаларына алаң құру арқылы инновациялық технология парктерімен ынтымақтастықты орнату
  • университет-бизнес-билік аясында ынтымақтастықты дамыту үшін ЖОО-ның академиялық ықпалының рөлін күшейту
  • ҮШХҚ тұжырымдамасын іс жүзінде қолдануға бағытталған жобалардың бастамасы

Нетворк/ Желі /Серіктестік


«Алатау» технопаркі 2005 жылы құрылған және «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ның сегіз парктерінің бірі болып табылады. «Алатау» технопаркі «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА аумағында қызмет көрсету функцияларын орындауға, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды, атап айтқанда Инновациялық жобаларды технологиялық бизнес-инкубациялауды жүзеге асыру аясында қызметтерді орындау үшін құрылды. «Алатау» технопаркінің негізгі міндеті – инновацияларды дамытуға жәрдемдесу, сонымен қатар Алматы қаласында «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында қолайлы жағдайлар мен қазіргі заманғы инфрақұрылымды құру.

Автономды кластерлік фонд – Іле Алатауының бөктерінде жайылған қазақстандық  «Кремний алқабы». TechGarden инновациялық кластері бизнестің, стартаптардың, инвесторлардың, білім беру және ғылыми-зерттеу мекемелерінің өзара тиімді әрекеттесуіне негізделген сұранысқа ие бизнес инновацияларды дамыту үшін кәсіби ортаны ұсынады. Инновациялық кластердің мақсаты – тапсырыстарды, интеллектуалдық ресурстарды, үздік шетелдік технологияларды, ынталандыру құралдарын және инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстарды  күшейту арқылы инновациялық компаниялардың, соның ішінде, стартаптардың дамуына қолайлы жағдай жасау.

Тұран университеті аймақты дамытуға ат салыса, университет ішінде арнайы жағдайларды қамтамасыз етіп, сыртқы стейкхолдерлермен өзара әрекеттесе, сондай-ақ студенттер арасында кәсіпкерлік рух пен мінез-құлықты дамытуға бағытталған мамандандырылған білім беру кәсіпкерлік модулдерін енгізе отырып инновация мен кәсіпкерлікті дамыту стратегиясының ізімен жүруде. Университет студенттік стартаптарды қолдайды және ол үшін қажетті кішігірім ортаны құрды: ЖОО-да бизнес инкубатор, фаундерлер офисі қызмет атқарады, Enactus командасы жұмыс істейді. «Тұран» ҮШХҚ-ға қосылған алғашқы қазақстандық ЖОО, ал 2017 жылы университет ҮШХҚ қазақстандық өкілдігінің штаб-пәтеріне айналды.

«Тұран-Астана» университеті қоршаған кеңістікті сыни ұғына алатын тиімді мамандарды үйретуге бағытталған зерттеу тәжірибесін дамытады. Университет ортасын болашақ кәсіпкерлерді дамыта алатын жағдайға бейімдеу мақсатында университет ҮШХҚ тұжырымдамасының аясында бастамаларды енгізеді. «Тұран-Астана» инновациялар мен кәсіпкерлікті дамыту үдерістерінің қатысушылармен өзара әрекеттестікті дамыту мақсатында түрлі саланың мамандарымен нетворкинг құру бойынша жұмыс жасайды.

«Жобаларды басқарудың Қазақстандық  институты» Қоғамдық қоры Project Management Institute USA –мен бірлескен жобасының аясында Қазақстанда жобалық, бағдарламалық және портфельді менеджерлердің кәсіби қауымдастық жобасын құру мақсатында 2015 жылы маусым айында Алматы қаласында құрылды. Ұйым жобаларды басқарудың әртүрлі салаларында стандарттарды әзірлейді, конференциялар мен семинарларды, білім беру бағдарламаларын және кәсіби сертификаттауды жүргізеді. PMI Chapter Kazakhstan ЖОО-лардан, ұлттық агенттіктер мен бизнестен стейкхолдерлерді еліктіретін ҚР-дағы көптеген жобалардың медиаторы.

Қазақстанның экономикалық ғылымдар академиясы – Қазақстан Республикасының ғылыми, білім беру және қоғамдық ұйымдарымен құрылған коммерциялық емес ұйымы. Академияның негізгі мақсаты – Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына ықпал ететін экономикалық ғылымдардың маңызды мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясының басты мақсаты –мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.

«Қазақстан маркетинг қауымдастығы» ҚБ Қазақстанда маркетинг саласында жұмыс жасайтын қазіргі және болашақ кәсіби маркетологтар мен мамандарды біріктіруге ат салысады, маркетологтардың беделін нығайтуға және бизнес-компаниялар мен жалпы қоғамның шеңберінде маркетологтардың біліктілігін арттыруға және Қазақстан Республикасында бизнес-компаниялар мен кәсіпорындардың маркетинг саласында басқару сапасын арттыру арқылы маркетингтік мәдениетті қалыптастырады, қолданбалы  маркетингтік жобаларды  жүзеге асыру үшін студенттер мен жас мамандарды тартады.